1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуде қазақстандық бизнес өкілдері ерекше белсенділік танытты. Мұны өткен екі айға жуық уақыт ішінде қорға түскен қаржы мөлшері дәлелдеп отыр.

2017 жылдың 25 тамызын қоса алғанда, МСҚ-на түскен аударымдар мен жарналардың жалпы мөлшері 5,44 млрд теңгеден асты. Оның 4,27 млрд теңгесі (жалпы соманың 78,5 пайызы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, 1,17 млрд теңгесі (21,5%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардың жарналары.

Сақтандыру жарнасын төлеу жағынан Астана мен Алматы қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Бұл көрсеткіш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасаған алдын ала болжамдарға толық сай келеді. Болжам бойынша, 2017 жылдың соңына дейін қорға 23 млрд теңгеге жуық сақтандыру жарнасы (аударымдары) түсуі тиіс (оның 95 пайызы – аударымдар, 5 пайызы – жарналар).

Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Қордың ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 800 млн теңгеден астам қаражат түскен болатын. Тамызда жарналар мен аударымдар сомасының едәуір артқаны аңғарылады. Мұны шілде айының жарнасын төлеу мерзімінің 25 тамызда аяқталуымен түсіндіруге болады. 

Бұған дейін хабарланғандай, 1 шіл­де­ден бастап жұмыс беру­шілер мен жеке кәсіпкерлер және аза­мат­тық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлға­лар жарна төлеуді бастап кетті. Заңға сәйкес, жұмыс берушілер биыл жұмыскер жалақысының 1 пайы­зы көлемінде ақша аудкарады. Бірақ аударым сомасы 3669 теңгеден аспауы тиіс (15 ең төменгі жалақының 1%). 

Жеке кәсіп­кер­лер мен осы санатқа теңестірілген тұлғалар, яғни, жеке мен­шік нотариустар мен сот орын­даушылары, адвокаттар, кә­сі­би медиаторлар Қорға 2 ең төменгі жалақының 5 пайызын аударады. Нақтырақ айтқанда, жарна мөл­шері 2017 жылы – 2446 теңгені құрайды. Оған қоса, жеке кәсіпкерлер қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударады.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтар табысының 5 пайызын аударуы тиіс. Бұл топтағылар төлейтін жарнаның жоғарғы мөлшері 3669 теңгеден аспайды.

МӘМС шеңберіндегі медициналық көмек 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіле бастайды.

29.08.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу